Қазақстан-Әзербайжан матчына дайындық

Қазақстан-Әзербайжан матчына дайындық

Бірер күнннен кейін футболдан Ұлттар лигасының топтық кезеңі басталады және оның аясында Қазақстан қатарынан 4 матч өткізеді.

Осыған байланысты Магомед Адиев баптайтын жігіттер қазір елордада соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Маңызды мачтар алдында Қазақстан жастар құрамасымен жолдастық кездесу өткізді және ол 4:1 есебімен аяқталды. Әсіресе Александр Марочкин, Максим Самородов және Алексей Щеткиндер мергендігімен көзге түсіп, бабында екенін дәледеді. Өкінішке қарай алдағы ойындарға ұлттық құраманың негізгі деген футболшылары әртүрлі себеппен қатыспайды. Қазақстан командасы ең алдымен Әзірбайжан аяқдопшыларымен жолығады. Матч 3-ші маусымда «Астана Аренада» болады. Артынша сырт алаңда Словакия дәне Беларусь құрамаларымен кездесу күтіп тұр.

Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы ойын кестесі жарияланды