Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогінде 4 медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогінде 4 медаль жеңіп алды

Екі алтын, екі күміс және екі қола.

Австрияның Грац қаласында дзюдодан өтіп жатқан Еуропа кубогінде еліміздің жастар құрамасы ел қоржынына осынша медаль салды. Нұрқанат Серікбаев пен Нұрсұлтан Зайзагалиев көк кілемде қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа тақты. Ал Мерей Марханбаев пен Аида Тойшыбекова турнирдің күмісті күміс жүлдегері атанды. Максим Мейрлан мен Есімгүл Куюлова қоланы місе тұтты. Нәтижесінде Қазақстанның жастар құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді. Бірінші орынды Жапониядан келген қыз-жігіттер алды.