«Астана» велошабандозы Италия көпкүндігінде үздік бестікке енді

«Астана» велошабандозы Италия көпкүндігінде үздік бестікке енді

Италияда "Адриатика-Ионика" веложарыстың көпкүндігі жалғасып жатыр.

Астана сапында өнер көрсететін жігіттер кеше жарыстың екінші кезеңінде үздік үштікке ілінген еді. Үшінші кезеңде бестікті түйіндеді. 142 шақырым қашықтықты бірінші болып италиялық велошабандоз Джовани Карбони кесіп өтті. Екінші орында эритреялық Натаниэль Тесфацион. Үштікті британдық Пол Дабл түйіндеді. Астана сапындағы Вадим Пронский мәре сызығын бесінші болып кесті.