Бакуде Қазақстанның стенд ату командасы жеңісті сериясын жалғастырды

Бакуде Қазақстанның стенд ату командасы жеңісті сериясын жалғастырды

Қоржында тағы бір қола. Дәл қазір Әзербайжан астанасы Баку қаласында сұрмергендер сайысы жалғасып жатыр.

Әлем Кубогінің кезекті күні стенд атудан командалық бәсеке өтті. Бұл сында ел намысын Зоя Кравченко, Рината Насырова және Әсем Орынбай үштігі қорғаған. Олар жаттығуларын сәтті орындап, жеңіс тұғырынан табылды. Соңғы сында Таиланд құрамасынан басым түсті. Осылайша жерлестеріміз еншілеген медальдар саны 4-ке жетті. Осының алдында 1 күміс және 2 қола жеңіп алған болатын. Алда тағы бірер жарыс күні бар. Әлем Кубогінің жалпы қорытындысы 9 маусымда белгілі болады. Айта кетейік, дүниежүзілік дода нәтижесінде үздік спортшыларға рейтингілік ұпай беріліп, олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік ашылады.