Футболдан Ұлттық құрама Беларусь құрамасымен кездеседі

Футболдан Ұлттық құрама Беларусь құрамасымен кездеседі

Жеткен жетістікке тоқмейілсуге болмайды. Алда тағы қос жауапты матч бар. Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев команданың дайындығына қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, жігіттер әзірге бапты жоғалтпау қажет. Бүгін ел намысын қорғайтын команда Сербия астанасы Белградқа аттады және сол жерде Беларусь құрамасымен кездеседі. Қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты Беларусь өз алаңында матч қабылдай алмайды. Тағы бір айта кетерлігі, Беларусь пен Қазақстан құрамаларының кездесуіне көрерменсіз өтеді. Айта кетейік, ұлттық құрама жуырда ғана Словакия құрамасын ұтып, Ұлттар лигасындағы жағдайын жақсартты. Қазір ол өз тобының бірінші сатысында тұр. Спорт мамандары бұл жетістікті, тіпті, сенсацияға балады.    

Магомед Адиев, Футболдан Ұлттық құраманың бас бапкері:

- Біз он күнде қатарынан төрт матч өткізуіміз керек. Әрине, бұл оңай емес. Әсіресе футболшыларға физикалық тұрғыда да, психологиялық тұрғыда да ауыр тиеді. Осындай қысқа аралықта құрамға қатысты үлкен өзгеріс жасай алмаймын. Сондықтан қарсыластардың әр ойынын жіті сараптап, дұрыс тактика қою мақсаты тұр.

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: АНГЛИЯ МЕН ГЕРМАНИЯ ТЕҢ ОЙНАДЫ

Ұлттар лигасының А тобында Англия мен Германия тең ойнады. Тартысты кездесу Мюнхендегі «Аяьлнс арена» стадионында өтті. Құс құрама алғышқы минуттан-ақ бір-бірін қыспаққа алып, тосын шабуылдар ұйымдастырғанымен бірінші таймда есеп аша алмады. Үзілістен кейін немістер натижелі шабуыл жасап, Йонс Хофман гол авторы атанды.

Ағылшындар тек 88 минутта ғана есе қайтарды. Гарри Кейнге қарсы ойын ережесі бұзылып,   төреші неміс қақпасына 11 метрлік айып добын белгіледі. Англиялық ойыншы мүмкіндікті мүлт жібермей есепті теңестірді.

ПАРАТАЕКВОНДОШЫЛАР ЕКІ ҚОЛА ИЕМДЕНДІ

Болгарияда паратаеквондодан «София-2022» әлемдік сериясы өз мәресіне жетті. Оған біздің елден 4 спортшы қатысқан еді. Екеуі олжалы болды. Ерлер арасында 80 келі салмақта өнер көрсеткен Нышан Өмірәлі үздік үштіктен көрініп, қола медаль иеленді. Жерлесіміз біріші айналымда жапониялықтан айласын асырған еді. екінші жартылай финалда Өзбекстаннан келген спортшыға жол берді. Әйелдер арасында Камила Досмалова да командаласының жеңісін қайталады. Осылайша 57 келі салмақта өнер көрсеткен спортшымыз да қоладан алқа тақты. Жалпы жарысқа 25 мемлекеттен 85 спортшы қатысты. Жеңімпаздар Парижде өтетін XVII жазғы параолимпиада ойындарына лизензия алады