Футбол тарихындағы ұлттық құраманың тарихи жеңісі – Ұлттар лигасы

Футбол тарихындағы ұлттық құраманың тарихи жеңісі – Ұлттар лигасы

Тарихи жеңіс. Қазақстан құрамасы Словакияны кезекті рет ұтып, отандық футбол тарихындағы жоғары жетістікке жетті. Ұлттар лигасы аясындағы қарымта матч елордада өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алаң иелері ойын басынан басымдық танытып, 18-ші минутта Ян Вороговский есеп ашты. ((ШУМ)) Артынша, яғни, 39-шы минутта Эльхан Астанов таблодағы нәтижені еселеді. ((ШУМ)) Ал, Словакия құрамасынан Матуш Беро ғана қарымта бір гол соқты. Юрай Куцканың голы есепке алынбады.  Бұған қоса, қонақтар сапындағы Ондрей Дуда қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осылайша 2:1 есебімен Қазақстан құрамасы алға шықты. Бас  бапкер бұны сәттілік деп есептемейді. Қазір ұлттық құрамадағы жігіттердің деңгейі өскен және өзара іс-қимылдары да бір жолға қойылған. Сондықтан, кез-келген жоспарды ойдағыдай орындап,  қазақстандық жанкүйерлерді қуанта  алады деді Магомед Адиев.

Магомед Адиев, Ұлттық құраманың бас бапкері:

- Матч алдында жігіттерге барынша мотивация беруге тырысам. Үлкен спортта жеңістер де, жеңілістер де болады. Бапкерлер құрамы футболшыларды біріктіре алды. Қазір командадағы жағдай жақсы. Атмосфера керемет.  Міне, біздің басты басымдығымыз осында. Соңғы 11 күнде 4 матч өткіздік. Оның аясында 15 футболшымыз ғана алаңға шықты және дәл осы жігіттер тарихи жетістікті әкелді.

Айта кету керек, бұл ұлттық құрама үшін соңғы 4 ойындағы 3-ші жеңіс. Моагомед Адиев баптайтын жігіттер алдымен Әзірбайжан және дәл осы Словакия құрамаларын ұтты. Одан кейін Беларусьпен тең түсті. Енді Словакиямен қарымта мачта да жеңіске жетіп отыр. Осының арқасында өз тобындағы бірінші орнын сақтап қалды. Қазір ұлттық құрама еншісінде 10 ұпай бар және кейінгі тұрған Словакиядан әлдеқайда алда. Топтық кезең аясындағы ойындар бұнымен бітпейді. Енді қыркүйек айында Қазақстан өз алаңында Беларусь құрамасын қабылдайды. Одан кейін сырт алаңда Әзербайжан құрамасына қарсы қарымта мачт өткізеді.

«АСТАНА» ВЕЛОШАБАНДОЗЫ АЛДЫҢҒЫ БЕСТІКТЕ

«Астана» шабандозы алдыңғы бестікте. Швейцарияның таулы қыратты аумағында кезекті велокөпкүндік басталды. Швейцария турының алғашқы кезеңінде спортшылар 178 шақырымды бағындырды. Бұл сында британиялық Стивен Уильямс топ жарды. Ол аталған аралықты 4 сағат 16 минут 51 секундта бағындырды. Ал,  қазақстандық клуб сапындағы Алексей Луценко 5-ші сатыға тұрақтады. Бірақ, айта кету керек, ол жеңізпазбен бір топта мәреге жетті. Сондқытан уақыт көрсеткіштері бірдей. «Астана» командасының басқак мүшелері, атап айтқанда, Джанни Москон 20-шы, ал, Мануэле Боаро мен Леонардо Бассо , сәйкесінше, 94 және 98-ші орындарда. Олар кезең жеңімпазынан 9 минутқа қалып қойды. Алайда, үмітті жоғалтпайды. Өйткені, алда тағы 7 кезең бар.  Швейцария турының жалпы қорытындысы 19-шы маусымда белгілі болады.

ҚҰЛАМБАЕВА КӨРСЕТКІШІН ЖАҚСАРТТЫ – ӘЙЕЛДЕР ТЕННИСІ

Құламбаева көрсеткішін жақсартты. Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы әлемдік рейтингті жаңартып, кезекті тізімді жариялады. Оған сәйкес Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 21-ші орнын сақтап қалды. Ал, Юлия Путинцева бір саты төмен сырғыды. Қазір ол 33-ші тұр. Зарина Дияс, тіптен,  199-шы орынға төмендеді. Ол жарақатына байланысты көгалдағы корттарда болатын жарыстарға, оның ішінде Уимблдон турниріне қатыса алмады. Нәтижесінде бірте-бірте құлдырап барады.Ал, жұптық сында Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина 21-ші сатыға жайғасты. Жібек Құламбаева 280-нен 273-ші орынға көтерілді. Осылайша қазақ қызы өзінің жеке рекордына қол жеткізді. Сонымен қатар тағы бір қазақстандық Гөзал Айнитдинова 427-орында қалды.