«Тобылдың» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды

«Тобылдың» Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды

Қостанайдың «Тобыл» командасының футболдан UEFA Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайлық клуб аталған турнирдің бірінші іріктеу кезеңінде Венгрияның «Ференцварош» командасымен кездеседі.

«Ференцварош» Венгрияның атақты клубтарының бірі. Өзінің елінде 33 мәрте чемпион атанса, 24 мәрте кубокті төбесіне көтерді. Оған қоса 6 мәрте суперкубок иегері болса, 2 мәрте Лига кубогіне қол созды. Халықаралық деңгейде 1964/65 жылғы кезеңде UEFA Жәрмеңке кубогын (UEFA кубогі және Еуропа лигасы ойындарының бастауы) жеңіп алды. Әзірге бұл Венгрия клубтарының арасындағы еурокубок ойындарында алған жалғыз нәтиже саналады. Команда өзінің тарихында 68 мәрте түрлі деңгейдегі трофейге ие болды. Аталған турнирдің бірінші кезеңіндегі алғашқы ойын 5 шілдеде «Тобылдың» алаңында өткізілсе, қарымта кездесу 12 шілдеде Венгрия жерінде болады. Еске салсақ, футболдан Австралия құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды.