Анна Данилина Мадрид турнирінің ширек финалына шықты

Анна Данилина Мадрид турнирінің ширек финалына шықты
olympic.kz

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Испания астанасы Мадрид қаласында өтіп жатқан ITF W60 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Бірінші ракетка болып тіркелген қазақстандық теннисші ресейлік Анастасия Тихоновамен бірге бастапқы кездесуін испаниялықтар Аиноа Атуча-Гомес – Кармен Галлардо Геварамен өткізді. Қазақстандық-ресейлік жұп 57 минутқа созылған матчта 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. А.Данилина мен А.Тихонова жүлде қоры 60 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың жартылай финалына шығу үшін болгариялықтар Алекса және Лия Каратанчевалармен кездеседі.

Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің Александр Бублик бүгін Лондон ATP 500 додасының екінші айналымында рейтингте 17-орындағы хорватиялық Марин Чиличпен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық Тимофей Скатов Блуа (Франция) челленджер турнирінің екінші айналымында осы жарыстың жетінші, әлемнің 184-ракеткасы, сербиялық Никола Милоевичпен кездеседі. Кеше Т.Скатов аргентиналық Факундо Диас Акостаны 6:4, 7:6 (7:2) есебімен тізе бүктірді.