Милад Карими Дохада өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайды

Милад Карими Дохада өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғайды
olympic.kz

Катар астанасы Дохада спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты басталады. Аталған сынға Қазақстан командасы да қатысады, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Әйелдер арасындағы сында Қазақстан атынан Аида Бауыржанова, Александра Шаметько, Дарья Ясинская мен Аяжан Шамшатдинова өнер көрсетеді.

Ерлер арасындағы бәсекеде Милад Карими, Нариман Курбанов, Ілияс Азизов, Дмитрий Патанин мен Фарух Набиевтер сынға түседі.

Қазақстан әйелдер командасын Надира Юнусова, ерлер командасы Александр Ким бастаған бапкерлер құрамы жаттықтырады.