UFC: Дамир Исмағұлов Гурам Кутателадзені жеңді

UFC: Дамир Исмағұлов Гурам Кутателадзені жеңді

31 жастағы тегі қазақ ресейлік файтер Дамир Исмағұлов 30 жастағы швед Гурам Кутателадзеден басым түсті, деп хабарлайды Prosportz.kz сайты.

18 маусымнан 19 маусымға қараған түні Остин қаласында (АҚШ, Техас) UFC ESPN 37 турнирінде Дамир Исмағұлов швед-грузин файтері Гурам Кутателадзеге қарсы жетекші промоушендегі бесінші жекпе-жегін өткізді. Олардың жекпе-жегі жеңіл салмақта өтті. 

Үшінші раунд қорытындысы бойынша Дамир төрешілер шешімімен ұтты.