Азия чемпионаты: қазақстандық таеквондошылар тағы екі қола медаль еншіледі

Азия чемпионаты: қазақстандық таеквондошылар тағы екі қола медаль еншіледі

Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде қазақстандық таеквондошылар Жасурбек Исраилов пен Ботагөз Қапанова қоржынымызға қола медаль салды, деп хабарлайды Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметі.

58 келінің өкілі Исраилов алғашқы кездесуінде Сауд Арабиясының спортшысын 2:1 есебімен ұтты.

Екінші кездесуінде таиландтық қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, жартылай финалға шыққан. Алайда финал жолдамасы сарапқа салынған айқаста ирандық қарсыласына жол берді.

Ал 49 келідегі Ботагөз Қапанова бірінші кездесуінде Азия таеквондо федерациясының өкіліне мүмкіндік қалдырған жоқ - 2:0.

Екінші жекпе-жегінде Тайпей таеквондошысынан айласын асырды - 2:1. Жартылай финалдық айқаста қытайлық қарсыласына есе жіберді. Есеп - 0:2.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасынан алғашқы медальді 46 келідегі Рита Бакишева иеленді. Аламанның алғашқы күнінде ол қола жүлдегер атанды.

Азия біріншілігі 27 маусымға дейін созылады.