«Барыс» Гагарин кубогының иесімен келісімшартқа отырды

«Барыс» Гагарин кубогының иесімен келісімшартқа отырды
hcbarys.kz

«Барыс» ХК Михаил Григорьевпен ресми түрде келісімшартқа отырды.

Біржақты келісім бір маусымға есептелген (2023 жылғы 30 сәуір).

Бұл қорғаушы елордалықтарға жақсы таныс – 2012-13 жылдары Михаил «Барыс» сапында ойнаған. Бұдан бөлек ол «Авангард», «Спартак», «Динамо» сияқты клубтарда өнер көрсеткен. Ал өткен маусымда хоккейші Магнитогорскінің «Металлургында» ойнап, Гагарин кубогының финалында өнер көрсетті.

Михаил Григорьев

Туған күні: 01.02.1991.

Бойы: 176 см.

Салмағы: 82 кг.

2011 жылы «Салават Юлаевпен» бірге Гагарин кубогын иеленген.