Футболдан ел біріншілігінде «Ордабасы» «Каспийді» ойсырата ұтты

Футболдан ел біріншілігінде «Ордабасы» «Каспийді» ойсырата ұтты

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-туры мәресіне жетті.

Аталған турды Шымкентте жергілікті «Ордабасы» мен Ақтаудың «Каспий» командалары түйіндеді. Ойын барысында алаң иелері қатарынан Всеволод Садовской 20, Эльхан Астанов 31, Муроджон Халматов 80, 87-минуттарда мергендік танытты. Оған «Каспий» сапынан 77-минутта Руан Телеш пенальтиден соғылған бір голмен жауап берді. Осылайша «Ордабасы» қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Алматыда «Қайрат» Оралдың «Ақжайығынан» 2:0 есебімен басым түссе, тағы бір кездесуде Павлодар облысының «Ақсуы» Петропавлдың «Қызылжарын» 1:0 есебімен сүріндірді.

Айта кетсек, Қостанайдың «Тобылы» Түркістанда «Тұранмен» 2:2, «Атырау» мен «Тараз» 0:0 есебімен тең түсті. Ал «Ақтөбе» сырт алаңда Қарағандының «Шахтерін» 3:2, елордалық «Астана» өз алаңында Түркістан облысының «Мақтааралын» 4:0 есебімен жеңді .