Спортшыларымыз дүниежүзілік ойындарға аттанды

Спортшыларымыз дүниежүзілік ойындарға аттанды

Олимпиадалық емес спорт түрлерінің олимпиадасы. 4 жылда бір рет осындай форматтағы жарыс өтеді.

Яғни кикбоксинг, садақ ату, муай-тай, джиу-джитсу сияқты бағыттар бойынша әлем үздіктері анықталады. Міне осы жарысқа биыл 26 жерлесіміз аттанады. Олар 9 спорт түрінен жүлдеге қол созып көрмек. Елордада ел намысын қорғайтын спортшыларды ресми шығарып салу рәсімі өтті. Оның аясында кикбоксингтен әлем чемпионы Шыңғысхан Тлемісовке Мемлекеттік ту табысталды. Ұлттық құрама мүшелері жоғары аталған 4 спорттан бөлек акробатика, брейкинг және каратэ бойынша да жарысқа араласады. 

Айта кетейік, 11-дүниежүзілік ойындарды АҚШ-тың Бирмингем қаласы қабылдайды. Байрақты бәсеке ертең басталады. Ал оның жалпы қорытындысы 17 шілдеде белгілі болады.