Рыбакина ҚТФ ұсынған сыйақыны алмады

Рыбакина сыйақыдан бас тартты. Уимблдан турнирінде топ жарған жерлесіміз Қазақстан теннис федерациясы ұсынған қаржыны алмады.

Ақшаны қайырымдылық мақсатында және жас буынның дамуына жұмсауды сұрады. Жылдың басты бәсекесінде жеңіске жеткен Елена Рыбакина бүгін түнде елге оралды. Оны елорда әуенжайынан достары, туыстары және жанкүйерлері күтіп алды. Ал тілшілер сұрағына арнайы баспасөз мәслихатында жауап беремін деп, қысқа қайырды.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші Уимблдон бәсекесінің жекелей сынында топ жарып, отандық спорттағы тарихи жетістікке жетті. Ол финалда әлемдіке рейтингте екінші тұрған тунистік Онс Жаберді ұтты. Жерлесіміздің өзі 23-ші болып тұр.

Өкінішке орай, осы жолы жеңімпаздарға рейтингтік ұпай берілмейді. Оған турнирге Ресей мен Беларусь спортшыларының қатыспауы себеп. Егер аталған шектеу болмаған жағдайда Елена Рыбакина қазір 17 саты жоғарылап, 6-орынға тұрақтар еді.