«Тобыл» ЧЛ-дан шығып қалды

«Тобыл» ЧЛ-дан шығып қалды

Қазақстандық клуб іріктеу кезеңінде венгриялық «Ференцварошқа» есе жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, қос команда елордада өткен алғашқы матчта тең түскен ед. Ал, сырт алаңдағы қартымта мачта қостанайлық команда ойсырай ұтылды. Бірінші таймның өзінде алаң иелері 3 доп соғып, суырылып алға шықты. «Тобыл» сапынан  Игорь Сергеев қана мергендігімен көзге түсіп, есеп айырмасын қысқартқан. Бірақ екінші таймда «Ференцварош» ойыншысы Форчун Бэсси дубльдің авторы атанып, қорытынды нәтижені 5:1-ге жеткізді. Осылайша венгриялық клуб жарыс жолын одан әрі жалғастырады.

«Тобыл» енді Конференциялар лигасында бағын сынайды. Кезекті қарсылас та белгілі. Қостанайлық клуб енді Гибралтар елінің «Линкольн Ред Импс» командасымен жолығады.

ЛУЦЕНКО КӨРСЕТКІШІН ЖАҚСАРТТЫ

Луценко көрсеткішін жақсартты. Францияның таулы-қыратты аумағында дәстүрлі велокөпкүндік жалғасып жатыр. Тур де франстың 11-кезеңі 152 шақырымға созылды. Бұл аралықты ең бірінші болып даниялық Йонас Вингегор бағындырды. Уақыт көрсеткіші - 4:18:02. Ал, қазақсандық клуб сапынан ең тәуір нәтижеге Алексей Луценко қол жеткізді. Жерлесіміз жеңімпаздан 3 минут 38 секундқа қалып, мәре сызығын  8-ші болып кесті. Соның арқасында  жалпы есепте 8 саты жоғарылап, қазір алдыңғы 10 спортшының қатарында. «Астанадағы» басқа шабандоздардың көрсеткіші төмен. Алда әлі 10 кезең бар. Тур де Франстың жалпы қорытындысы 24 шілдеде белгілі болады.

«БАРЫСҚА» ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХОККЕЙШІЛЕР АЛЫНДЫ

«Барыс» қазақстандық хоккейшілерді ала бастады. Әсіресе, қарағандылық «Сарыарқада» өнер көрсеткен шабуылшы Михаил Рахманов пен қорғаушы Эмил Нұргалиев елорлық клубппен келісімшарқа отырды. Енді олар «Барыс қатарында тамыздың соңына дейін бағын сынап, өздерін көрсетуі керек. Кейін келісім бір жылға ұзартылуы мүмкін.

Айта кетейік, Михаил Рахманов 2012 және 2015 жылдар аралығында осы командада ойнады. Соңғы маусымда Қазақстан чемпионатының үздік шабуылшысы атанды. Нұргалиев болса 5 жыл бойы қарағандылық клубта өнер көрсетіп жүр. Ел чемпионатының негізгі бөлігінде 31, плей-оффында 14 матчқа қатысты. Сәйкесінше, 10 және 7 ұпай жинады. Бұған қоса, жуырда ғана «Барыс» канадалық легионер Линден Веймен келісімді ұзартып, оған тағы бір маусым ойнауға мүмкіндік берді.