Алматыда стенд атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр

Алматыда стенд атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр

Азия үздіктері Алматыға жиналды. Онда стенд атудан халықаралық федерацияның гран-приі және сұрмергендердің құрлықтық додасы өтіп жатыр.

Байрақты бәсекеге 16 елдің құрамасы жиналды. Бас-аяғы 300-ге жуық спортшы енді аптаға жуық уақыт өзара мықтыны анықтайды. Жарыс нәтижесінде ерекше көзге түскен спортшыларға рейтингілік ұпай беріледі. Қалыптасқан жағдайға байланысты карантиндік талаптар күшейтілді. Яғни спортшылар мен жаттықтырушылар жарыс алдында ПТР-тест тапсыруға міндетті.

Айта кетейік, дәл осы Александр Асанов атындағы спорттық алаңда бұған дейін 4 рет Азия чемпионаты мен 2 рет әлем кубогі өткен болатын.