Еркін күрестен әлем чемпионатына қатысқан спортшылар олжамен оралды

Еркін күрестен әлем чемпионатына қатысқан спортшылар олжамен оралды

Бүгін таңғы төртте Алматы әуежайында жанкүйерлер еркін күрестен әлем чемпионатының жеңімпаздарын қарсы алды.

Дарын Әскербек пен Камиль Куруглиев Римнен алтын медальмен оралды. Әскербек 55 келіге дейінгі салмақта белдескен. Жекпе-жек оңай болған жоқ. Жартылай финалда ол неміс Яннис Ребхольцтан басым түсті. Сондай-ақ ол өзбекстандық Хусанбой Усмонов пен армениялық Арена Серобянды тізе бүктірді. Финалда балуан америкалық Джексен Патрик Форрестпен кездесіп, жеңіске жетті.

Дарын Әскербек, еркін күрестен әлем чемпионы:

- Бірінші периодта  4/0 есебімен ұтылып жаттым. Екінші периодта  есеп 7/2 болды. 7/2 мен ұтылып жаттым. Соңғы бір минут қалғанда жамбас әдісімен 4 балл алдым и сәттен ол артыма шығып бір балл алды 8/6 болды. 15 секунд қалды. Соңғы 15 секунд қалғанда тағы жамбас әдісін қолданып тағы да 4 балл алдым. Сөйтіп, осы жеңіске жеттім. 

Тағы бір «алтынның» иегері Камиль Куруглиев 92 келіге дейінгі салмақта белдескен. Ол финалда Венгриядан келген қарсыласы Мұса Арсунқаевты 11:0 есебімен жеңді.