Қазақстандық атлет әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық атлет әлем чемпионатының финалына шықты
Prosports.kz

Қазақстандық Игорь Косолапов биіктікке секіруден Калиде (Колумбия) 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалға шығу үшін 2,16 м жолақты бағындыру немесе іріктеуде кемінде 12-ші орын алу қажет болды.

Екінші мүмкіндігінде 2,08 м биіктікті бағындырған Косолапов қорытынды хаттамада 4-орынға ие болып, Қазақстан уақыты бойынша тамыздың 5-інен 6-сына қараған түні өтетін финалға жолдама иегері атанды.