UFC Шавкат Рахмонов туралы деректі фильм түсіру үшін Қазақстанға келді

UFC Шавкат Рахмонов туралы деректі фильм түсіру үшін Қазақстанға келді
Allboxing

Ultimate Fighting Championship (UFC) спорт ұйымы қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов туралы деректі фильм түсіруге шешім қабылдады, деп жазады  Prosports.kz.

Түсіру тобы Шавкат Рахмонов жаттығу өткізіп жатқан Алматыға келді. Деректі фильм ұйымның UFC Connected шоуы аясында түсіріледі.

Осылайша, Рахмонов UFC жобасына түскен алғашқы қазақстандық атанды. Сюжет Шавкаттың келесі жекпе-жегіне дейін көрсетіледі.

Айта кетейік, Шавкат UFC-де төрт жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Қазір лиганың жартылай орта салмақтағы рейтингісінде 10-орында тұр.