Петропавда мұз еріп, матч тоқтатылды 

Петропавда мұз еріп, матч тоқтатылды 

Петропавл қаласында келеңсіз жағдай орын алды. Жергілікті Құлагер өз алаңында рудныйлық Горнякпен жолдастық матч өткізген. Ойын бел ортасынан тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған алаңдағы мұздың бетон негізіне дейін еріп кетуі себеп болды. Бұл жөнінде телеграмм каналға сілтеме жасап, bassport кз порталы хабарлайды. Амал жоқ, командаларға 0:0 есебімен тарқасуға тура келді. Мұздың сапасына қатысты олқылықтар бұған дейін де жиі кездесіп жүр. Мәселен, көкшетаулық «Арлан» өткен маусымда «Бурабай» спорт сарайынан Петропавлға ауысты. Кейін тоңазытқыш жабдығының сынғаны белгілі болды. Сонымен қатар Павлодарда мұз айдындарының бірінде шатыр ағып жатты. Ал Оралда мұз сапасының нашарлығынан балалар жаппай жарақат алып, әлеуметтік желіде жұрттың ашуын туғызды.