Қазақстан Speedcubing-тен Азия чемпионы атанды

Елордада кубик жинаудан Азияның үздіктері анықталды. Жалпы командалық есепте 13 медальмен Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екінші орын Үндістан, үштікті Қытай түйіндеді. Спидкубиктен Азия чемионатына әлемнің 13 елінен 116 азамат келді. Олардың ішінде Жапония, Қытай, Үндістан, Моңғолия және өзге де елдің мықтылары бар. Шапшаң ойлы әрі епті қыз-жігіттер кубикті 17 түрлі әдіспен жинайды. Яғни көзін жұмып, топпен, жұппен, жекелері бар. Ең жас қатысушы 7-де, ал ең үлкені 54 жаста. Дегенмен басым бөлігі 14-25 арасындағы оқушылар мен студенттер. Жарыстың жалпы жүлде қоры 9 мың доллар.

Айта кетейік, Қазақстан ТМД елдерінің ішінде жылдамдыққа кубик жинау жарысын өткізу мәртебесін жеңіп алған алғашқы мемлекет.

Әли Ахатов, жарысқа қатысушы:

– Жалпы Қазақстан 2017 жылдан бастап бірінші жарыс өткізді және көбісі жақсы нәтижелерді көрсетті. Сол кезде біздің рекордымыз 9 сек болды. Қазақстандықтарға ол ең тез болып саналды. Қазір біздің рекордымыз 6,65 сек. Әр қатысушы осыдан асыруға тырысып жатыр. Олар күнініе әр дессиплинадан 200-300 рет жинайды.