Футболдан Қазақстан кубогінің топтық кезеңі өтті

Футболдан Қазақстан кубогінің топтық кезеңі өтті

Плей-оффқа шыққандар тізімі белгілі. Футболдан Қазақстан кубогі топық кезеңінің шешуші, яғни, 6-тур ойындары өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ең тартысты матчтардың бірі Қарағандыда болды. Онда жергілікті Шахтер елордалық Астананы қабылдаған еді. Ойын барысында 8 гол соғылды. Алдымен қонақтар сапындағы Талғат Құсяпов есеп ашты. Артынша Жереми Манзорро,Сұлтан Сағынаев және Станислав Басмановтар да мергендігімен көзге түсті. Ал Педро Эуженио хет трик авторы атанды. Қорытынды есеп: 7:1. Астана осы жеңсінің арқасында «Д» тобында бірінші орынға жайғасып, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ойсырай ұтылған Шахтер де жарысты жалғастырады. Бұған қоса, «В» тобындағы қызылордалық «Қайсар» өз алаңында «Қызылжар» командасын 3:1 есебімен ұтып, сенімді түрде плей-оффқа шықты. Қызылжар үшін бәсеке осымен аяқталды. Бұл топта 10 ұпай жинаған «Ақжайын» келесі кезеңге өтті. «А» тобында Қайрат пен Ордабасы, ал «С» тобында Тараз бен Мақтарал да Кубок үшін таласты жалғастырады. Плей-офф кезеңінің жеребе тарту рәсімі ертең өтеді. Ал жарыстың жалпы қорытындысы 30 қарашада белгілі болады.

ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ШЫҒА АЛМАДЫ

Канаданың Торонто қаласында әйелдер теннисі қауымдастығының рейтингілік турнирі жалғасып жатыр. Жарыстың ширек финалына дейін жеткен жалғыз қазақстандық Юлия Путинцева бұл жолы америкалық Джессика Пегуламен жолықты.

Айта кету керек, Юлия әлемдік рейтингте 46-орында, ал, Джессика 7-орында тұр. Сәйкесінше, матч америкалық теннисшінің айқын басымдығымен өтті. Қортынды есеп: 3:6, 3:6. Артынша Юлия жұптық сында да есе жіберді. Ол тағы бір америкалық София Кенинмен бірге ширек финалға дейін жетіп, соңғы сында америкалық және үндістандық жұптан жеңіліп қалды.

Еске сала кетейік, қазақстандық теннисші осының алдында әлемнің үшінші ракеткасы испаниялық Паула Бадосаны жеңді және спорт мамандары оған «сенсациялық жетістік» деген баға берді. Торонто қаласындағы турнирдің жалпы қорытындысы ертең белгілі болады. Ал оның жүлде қоры 2 млн 527 мың долларды құрайды.