Түркістандық «Тұран» футбол командасы жарыс жолынан шығып қалды

Түркістандық «Тұран» футбол командасы жарыс жолынан шығып қалды

Әйелдер арасындағы футболдан жылдың басты бәсекесі УЕФА чемпиондар лигасы басталды. Оған қос қазақстандық клуб қатысып жатыр. Әсіресе, Биік Шымкент командасы хорватиялық Сплиттен басым түсті. Матч сырт алаңда, яғни, Вараждин қаласында өтті және шымкеттіктер сапынан Грейс Чанда хет-рик авторы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, Гульнара Габелия мен Екатерина Бабшук бір-бір гол соқты. Қорытынды есеп 5:1. Ал, түркістандық «Тұран» ірі есеппен Манчестер Сити командасына есе жіберді. Бұл мачт та сырт алаңда өтті. Мадридттік клуб ойыншылары 6 рет мергендігімен көзге түсті. Қарымта гол соғылмады. Нәтижесінде, Томирис Тұран жарыс жолынан шығып қалды. Ал, Манчестер Сити және Биік Шымкент сияқты жеңіске жеткен куомандалар тағы бір ойыннан өткізеді. Соның қортындысы бойынша ғана екінші кезеңге қатысушылар тізімі жасақталады.

РЫБАКИНА ШИРЕК ФИНАЛҒА ШЫҚТЫ

Рыбакина ширек финалға шықты. Қазақстандық теннисші дәл қазір АҚШ-тағы рейтингілік турнирге қатысып жатыр. Елена Рыбакина үшінші айналымда америкалық Алисон Рискпен жолықты. Айта кетейік, Алисон әлемдік рейтингте 29-шы, ал, Елена 25-ші тұр. Сәйкесінше, матч жерлесіміздің басымдығымен өтті. Қорытынды есеп: 6:2, 6:4. Кездесудің өзі 1 сағат 26 минутқа созылды. Рыбакинаның келесі қарсыласы белгілісіз. Белгілісі -  полшалық Ига Швентекпен не тағы бір америкалық Мэдисон Кизбен сынға түседі. Еске сала кетейік, осының алдында Елена әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы,,, испаниялық ГарбИнье Мугу-рУсаны ұтқан болатын. Цин-циннати қаласындағы жарыс 21-ші тамызға дейін жалғасады. Ал, оның жалпы жүлде қоры 527 мың долларды құрайды.

ТҰРСЫНҒАЛИ ЕДІЛОВ АТЫНДАҒЫ ТУРНИР ӨТТІ

Алматы облысы Талғар қаласында  балғын боксшылар Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Тұрсынғали Еділовтің жүлдесін сарапқа салды. Сидней олимпиадасында 4 бірдей қазақ ұлын финалға шығарған Еділов есімі ел есінде. Тұрсынғали атындағы турнирді ұйымдастырушылар дәстүрге айналдырсақ деп отыр. Алғаш рет өткізіліп отырған халықаралық жарысқа көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан құрамасы кіл мықтыларын алып келді. Үш күнге созылған турнирдің финалында балғын былғары қолғап шеберлері бар шеберліктерін көрсетті. Ең жеңіл салмақта Алматылық Даниял Шалқарбай топ жарса,  57 келіде өзбек Бехруз Валиев жеңіс тұғырынан көрінді. Сондай-ақ Шыңғыс Әкімжанов пен Аян Әбілғабыл, Бақытжан Адият пен Данияр Ақбисеновтар өз салмақ дәрежелері бойынша чемпион атанды. 

Тұрсынғали Еділов, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

-  Қырғызстаннан  Өзбекстаннан жақсы боксерлар келіп жатыр. Біздің болашағымызда мына жерде жақсы балалар көп екен Қазақстаннан қарап отырмын.  Білесіздер ғой  кезінде Бекзат, Мұхтархан, Ермахан осындай жарыстан шыққан ғой. Оларда асппан түскен жоқ. Осындай жарыстар баспалдақ болып , осындай жарыстан тәжірибе алып үлкен  жарыстарға қатысқан.