Қазақстан баскетболшылары Мажарстанда өтетін әлем кубогіне қатысады

Қазақстан баскетболшылары Мажарстанда өтетін әлем кубогіне қатысады
Proball.ru

3х3 U-18 турнирін Халықаралық баскетбол федерациясы 2001 жылдан бері өткізіп келеді. 18 жасқа дейінгі жастар ұлттық құрама командалары арасындағы ірі додада кіл мықтылар бақ сынамақ. Бұл туралы  баскетбол федерациясы мәлім етті.

D тобына түскен Қазақстан құрамасы Украина, Литва, Бахрейн және Бразилия ойыншыларымен кездеседі. Құрама бапкері Ривхат Бабекеновтың айтуынша, жаттығу жиындары жақсы деңгейде өтті. Қазір 6 кандидат болды. Радислав Родионов, Степан Якубович, Әмір Ташимов, Эльдар Хилажев, Әнуар Аргинбаев және Тимур Батыркул. Тек алғашқы екі бала бұрын бірге ойнаған, олардың бірі Радислав Родионов өткен жылғы жастар әлем кубогінде өнер көрсету тәжірибесі бар, қалған үміткерлер түрлі командалардан жиналған. Жалпы ұлттық құраманың ойыншыларын даярлаудың жеке кезеңі қанағаттанарлық жағдайда. Спортшылар жаттығуды шамамен бір ай бұрын бастады. Сондай-ақ ол Қазақстанның биылғы қарсыластары жөнінде де сөз қозғады.

«Осы жылы біз Украина, Литва, Бахрейн және Бразилия құрамаларымен бір топқа түстік. Бұл әлем чемпионаты болғандықтан оң жамбасымызға келетін оңай қарсылыс болады деу қиын. Сондықтан, біздің мүмкіндіктерімізді ескере келе, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі жарысқа шығуының өзі үлкен жетістік деп ойлаймын. Әрине, біз шайқасқа дайынбыз. Барымызды салып, біздің елде де 3х3 баскетбол бар екенін көрсетіп, жеңіске ұмтылмақ ниеттеміз. Дегенмен, жоғарыда аталған әрбір құраманың өз мықты тұсы бар. Жақсы ойын болады деп сенеміз», – деді бапкер.

Айта кетелік, Қазақстан командасының алғашқы матчтағы қарсыласы Литва командасы.

U18 Әлем кубогы 28 тамызға дейін жалғасады.