Қазақстан құрамасы Бахрейнді жеңді – баскетбол

Қазақстан құрамасы Бахрейнді жеңді – баскетбол

Көптен күткен жеңіс. Қазақстандық баскетболшылар Бахрейн құрамасын жеңді. Көше баскетболынан жастар арасындағы әлем чемпионаты дәл қазір Венгрияда өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байрақты бәсекеде ел намысын Әнуар Арғынбаев, Тимур Батырқұл, Радислав Родионов және Степан Якубович төрттігі қорғауда. Қазақстан құрамасы жарыстың кезекті күні Бахрейн жігіттерімен жолығып, 19:14 есебімен басым түсті. Артынша дәл осы жігіттер Бразилия командасына есе жіберді. Қорытынды есеп: 19:22.

Айта кетейік. Бұған дейін ұлттық құрама «Д» тобындағы Литва және Украина командаларынан да ұтылған болатын. Нәтижесінде, 5 команда арасында 4-орынға ғана тұрақтады. Плей-оффқа осы топтан жоғарыда айтқан Литва мен Украина өтті. 18 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионаты 29 тамызға дейін жалғасады.