Головкин-Альварес: жекпе-жек төрешілері белгілі болды 

Төрешілер есімі белгілі. Головкин мен Альварес арасындағы үшінші айқастың қазылары тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, рингте америкалық Рассел Мора қызмет етеді. Ал қапталдағы мамандар арасында бұған дейін қазақстандық және мексикалық боксшы кездесуінде баға берген төрешілер де бар. Мәселен, Дэйв Моретти екі кездесуде де жұмыс істеп, алғашқысында жеңісті Головкинге, кейінгісінде Альвареске берген еді. Ал Стив Вайсфельд қарымта кездесуде Канелоны жеңімпаз деп таныды. Айта кетейік, қос мықты 18 қыкүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да жолығады. Алдағы жекп-жек кешінде орта салмақтағы WBA, WBC, WBO және IBF чемпиондық белбеулері сарапқа салынбақ. Бұған қоса, қос боксшы кемі 80 млн доллар көлемінде табыс табады. Тікелей трансляцияны DAZN стриминг сервисі ұйымдастырады. Бірақ Қазақстан аумағында көрсетілуі туралы әзірге ақпарат жоқ. 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚЫЗДАР ЖҮЛДЕГЕ ІЛІКТІ

Қазақстандық қыздар жүлдеге ілікті. Латвияның Мадона қаласында шаңғы роллерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күні командалық спринт өтті. Бұл сында ел намысын Мария Геращенко мен Елизавета Толмачева жұбы қорғаған еді. Нәтижесінде жерлестеріміз екінші орынға тұрақтап, күміс жүлдегер атанды. Бұдан бөлек, жекелей сындар да көрсеткішіміз жаман емес. Ұлттық құарма сапындағы Мария Геращенко 4 көрсеткішке ие болып, медальға сәл жетпей қалды. Сонымен қатар, Елизавета Толмачева жекелей сында 6-орын алды. Кейін ерлер арасында Ілияс Исабек те жалпы есепте 6-сатыға жайғасты. Ольга Силизнева баптайтын ұл-қыздар қоржындағы медальдар санын арттыруы мүмкін. Өйткені, алдағы күндері ұлттық құрама тағы бірқатар қашықтықта бақ сындауды жоспарлап отыр.