Мың ауылда спортзал ашылады

Мың ауылда спортзал ашылады

Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты Изенді ауылында балаларға арналған жаттығу залы ашылды.

Мәдениет үйіндегі бос тұрған кең бөлмені қайта жөнделіп, ішіне спорт жабдықтары қойылған.  Бұл мақсатқа «Қазақстан халқына» қорынан 8 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Мұнда ер балалар күрес, бокспен шұғылданса, қыз балалар үшін гимнастика, би үйірмелері жұмыс істейтін болады. Алдағы үш жыл ішінде қор шалғай ауылдарда дәл осындай 1000 зал ашуды жоспарлап отыр. Олар халық санына, сұранысқа қарай іріктеледі.

Арман Уахап, қоғамдық қор президенті:

- Қазақстан бойынша бұл 19-спорт зал. Мақсатымыз ауылдық жерлерде, шалғай жерлерде, спорт залы жоқ жерлерде спорт залдар ашу. Спорт арқылы біздің болашақ балаларымызды тәрбиелеу. Балалар жылына орай жылдың соңына дейін, мақсатымыз тағы қосымша 20 зал ашу. Сол жұмыстарды қазір үйлестіріп жатырмыз. Бұл залдардың демеушісі «Қазақстан халқына қоры».