Баскетболдан Ұлттық лига матчтары басталды

Баскетболдан Ұлттық лига матчтары басталды

Ұлттық лига басталды. Баскетболдан жаңа маусымның алғашқы мачты елордада өтті.

Жергілікті «Астана» өз алаңында атыраулық «барыстарды» қабылдап, 92:59 есебімен басым түсті. Алғашқы ұпайды «Астана» сапындағы легионер Майк Майерс әкелді. Жалпы алаң иелері жаңадан қосылған шетелдік ойыншыларды көбірек шығарып, оларды іс жүзінде сынап көрді. Қос команда 3-ші кезеңге дейін тең дәрежеде ойнады. Тек мачтың соңына қарай «Астана» 20 ұпай алға шығып, қарсыластарына дес бермеді. Енді «Астана» мен «Барыстар» бүгін тағы бір матч өткізеді. Жалпы ұлттық лигаға 5 команда қатысып жатыр. Яғни турнир тізімінде астана мен Барыстардае бөлек, Ақтөбе, Тобыл және Алматылық Ирбис командалары бар. Ішкі чемпионат 6 турдан тұрады және 2023 жылдың сәуіріне дейін жалғасады.

Жансая Әбдімәлік алдыңғы бестікте

Жансая алдыңғы бестікте. Елордада шахматтан әйелдер арасында халықаралық федерациясының гран-приі аяқталды. Жарыс 11 турға созылды және ең соңғы кезеңде қазақстандық Жансая Әбдімәлік польшалық Алина Кашлинскаямен жолып, айқын басымдыпен ұтты. Бұл қазақ қызының осы жарыстағы 2-ші жеңісі. Бұдан бөлек 7 рет тең ойнады және 2 рет есе жіберді. Осының арқасында жалпы есептегі 5-ші орнын сақтап қалды. Тағы бір қазақстандық Бибісара Асаубаева бұл жолы қытайлық Чжу Цзиньэрмен кездесіп, ойын тең нәтижемен аяқталды. Бибісара осымен 7-рет тең көрсеткіш тіркеп тұр. Бұған қоса 1 мәрте жеңген және 3 мәрте жеңілген болатын. Жалпы есепте  ол 10-сатыға тұрақтады. Ал тізімнің топ басына ресейлік Екатерина Лагно жайғасты. Оның еншісінде 8 ұпай бар. Айта кетейік, елордадағы жарыстың жалпы жүлде қоры 80 мың еуроны құрайды.