Теннисші Тимофей Скатов Италиядағы турнирдің чемпионы атанды

Теннисші Тимофей Скатов Италиядағы турнирдің чемпионы атанды
ҚазАқпарат

Қазақстандық теннисші, әлемнің 209-ракеткасы Тимофей Скатов Парма 2 (Италия) челленджер турнирінің чемпионы болды.

Қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 156-орында тұрған словакиялық Йозеф Коваликпен бас жүлдені сарапқа салды. Т.Скатов 7:5, 6:7 (2:7), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Аса тартысты өткен бәсеке 3 сағаттан астам уақытқа созылды.

Т.Скатов кездесу барысында 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Қарсыласы 4 брейкпен көзге түсті.