loader


АТР 500: әлемнің жетінші ракеткасы Джокович жеңіске жетті

Әлемнің жетінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің 21 мәрте чемпионы Новак Джокович кезекті жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

АТР 500 турнирінде әйгілі теннисшінің бағы тағы жанды. Ақтық сында ол грек теннисшісі Стефанос Циципаспен жүздесті. Бір сағат 15 минутқа ұласқан екі сетте Джокович одан 6:3 және 6:4 ұпайымен басым түсті.

Айта кетейік, әлемнің алтыншы ракеткасы саналатын Циципас осал қарсылас емес еді. Десе де, Джокович асырған допты бір рет дер кезінде қайтара алмай қалды. Ал Новак бес брэйк-пойнттың екеуін сәтті іске асырып ұпайын еселей түсті. Осылайша 35 жастағы сербиялық теннисші бұл маусымда төртінші жүлдесін қанжығасына байлады. Ал АТР сайысының аясында бұл оның 90-жеңісі. Астанадағы жетістігі Новак Джоковичке 35 мың АҚШ долларынан астам ақшалай жүлдеден бөлек, рейтингтік 500 ұпай әкелді.

 

Сондай-ақ...