Маңғыстаудың Боранқұл ауылында бірнеше ойын және спорт алаңы қолданысқа берілді

Маңғыстаудың Боранқұл ауылында бірнеше ойын және спорт алаңы қолданысқа берілді

Маңғыстау облысындағы Боранқұл ауылында бірнеше ойын және спорт алаңы қолданысқа берілді.

Елді мекен Ақтаудан 580 шақырым жерде орналасқан. Тұрғындар біраздан бері дене шынықтыруға арналған орын  сұрап жүрген еді. Себебі ауыл баласы жол бойында ойнауға мәжбүр болыпты. Республика күні қарсаңында су жаңа 3 ойын және 2 воркаут алаңы ашылып отыр. Белсенді азаматтар көтерген әлеуметтік жобалар жер қойнауын игеруші компанияның қолдауымен жүзеге асты.

Үміт Жексембаева, ауыл тұрғыны:

- Осы ауылдың балаларына арнап осындай ойын алаңдарын салды. Көп-көп рахмет. Кешке балаларымыздың қайда жүргенін таба алмайтын едік. Кімнің үйіне кетті деп жан-жаққа телефон соғып отыратын едік. Енді мынау жақсы болды. Осы жерден тауып аламыз.