Билли Джин Кинг Кубогі: Қазақстан Испаниядан ұтылды

Қазақстандық қыздардың жолы болмады.

Шотландияның ең ірі қаласы Глазгода теннистен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Билли Джин Кинг Кубогінің топтық кезеңі аясында ұлттық құрама Испания командасымен жолыққан болатын. Алдымен Юлия Путинцева испаниялық Нурие Парризас-Диаспен кездесіп, 6-4 2-6 7-6 есебімен жеңіліп қалды. Артынша ұлттық құрама үздігі және әлемдік рейтингте 22-ші тұрған Елена Рыбакина кордқа шықты. Бірақ, ол таразы басын теңестіре алмады. Қазақстандық теннисші Паула Бадосадан 6:2, 3:6 және 6:4 нәтижесімен есе жіберді. Соңғы үміт жұптық сында болған еді. Бірақ, үшінші бәсекеде Анна Данилина мен  Юлия Путинцева жұбы да айқын басымдықпен ұтылды. Осылайша Қазақстан құрамасы топтық кезеңде жарыс жолынан шығып қалды. Плей-оффтың жалғыз жоламасын енді  Ұлыбритания мен Испания құрамалары сарапқа салады.

Ярослава Шведова, ұлттық құраманың капитаны:

- Финалға шыққанымыздың өзі үлкен жетістік. Бірақ оған тоқмейілсуге болмайды. Қарсыластардың мықты екенін мойындаймыз. Әр матчқа тыңғылықты сараптама жасап, қателіктерді қайталамауға тырысамыз. Бұл чемпионат біз үшін үлкен тәжірие болды. Үлкен теннис мектебі. Өзіміздің шамамызды байқап, шеберлігімізді шыңдап қайттық.