Қазақстан құрамасы 10 рет жеңіс тұғырына көтерілді

Қоржынымызда 10 медаль бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында самбодан ересектер арасындағы Әлем чемпионаты өтті. Үш күнге созылған бәсекеде Қазақстан құрамасы 10 рет жеңіс тұғырына көтерілді. Яғни, ел намысын қорғаған спортшылар 3 күміс пен 7 қола жеңіп алды. Әсіресе соңғы жарыс күні жауынгерлік самбодан 71 келіге дейінгі салмақта Әсет Анарбаев финал дейін жетіп, ақтық айқаста израильдік Тариэль Аббасовқа есе жіберді. Ал 88 келіде тағы бір қазақстандық Айбек Саметаев жартылай финалда сүрініп, қоланы қағанат тұтты. Әйелдер арасында аса ауыр салмақтағы Арайлым Әбенова да жартылай финалда грузин спортшысына жол берді. Қола медаль жолында түркіменстандық қарсыласын ұтты. Оның алында Ділдәш Құрышбаева, Арнұр Қуатай және Мирас Уәлиевтер өз салмағында үшінші болған еді. Ал алғашқы жарыс күні Қайырберді Айдынбай мен Асылбек Смайылов күміс, Гүлдана Әлмұхамбетова мен Райхан Мәди қола жүлдегер атанды. Нәтижесінде Қазақстан жалпыкомандалық есепте 9-шы сатыға тұрақтады.