Футболдан әлем чемпионатында Франция Аустралияны жеңді

Футболдан әлем чемпионатында Франция Аустралияны жеңді

Әлем чемпионаты аясындағы қос мачта бірде-бір гол соғылмады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Яғни, Дания мен Тунис және Мексика мен Польша мачтарында тең нәтиже тіркелді. Ал кезекті жарыс күнінің соңғы матында Франция мен Аустралия құрамалары жолығып, жанкүйерлер 5 бірдей голды тамашалады. Бұнда да бірінші голды Аустралия ойыншылары соғып, қазіргі әлем чемпиондарын әбден састырды.

Артынша Франция ойыншылары белсенділігін күшейтіп, бірінші кезең соңына дейін екі рет мергендігімен көзге түсті. Авторлары - Адриен Рабьо мен Оливье Жиру. Ал екінші кезеңде Киллиан Мбаппе мен тағы да Жиру бір-бір голдан соғып, қорытынды нәтижені 4:1-ге жетікізді.

 Айта кету керек, Жиру осы ойында ұлттық құрама сапындағы 50-ші және 51-ші голдарын соқты. Осы арқылы бір кездері Тьерри Анри тіркеген рекордты қайталады. Енді Франция топтық кезең аясында Дания құрамасымен жолығады. Қатардағы әлем чемпионаты 18-ші желтоқсанға дейін жалғасады.