ӘЧ: Бельгия Канаданы жеңді

ӘЧ: Бельгия Канаданы жеңді

Қатардағы әлем чемпионаты аясында «Ф» тобындағы командалар да алғашқы матчтарын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, жарыстың басты фавориттері қатарына кіретін Бельгия Канадамен кездескен болатын. Бірақ, матч көпшілік күткендей алғашқысының айқын басымдығымен өтпеді. Жалғыз голды 44-ші минутта Миши Батшуайи соқты. Айтпақшы, Канаданың алға шығатын керемет мүмкіндігі болды. 11-ші минутта төреші 11 метрлік айып добын белгілеген болатын. Бірақ Алфонсо Девис тепкен доп Тибо Куртуаның қолынан табылды. Бельгия осы жеңісінің арқасында алғашқы 3 ұпайын еншіліп, өз тобының бірінші сатысына жайғасты. Канада әзірге ең соңғы, яғни, 4-ші орында.