ӘЧ: Жапонияның сенсациялық жеңісі

Тағы да сенсация. Жапония Германияны жеңді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қатар астанасы Доха қаласында футболдан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күні Германия мен Жапония құрамалары жолыққан болатын. Матчтың басты фавориті сөзсіз еуропалық команда болды. Сәйкесінше, есепті де солар ашты. 33 минутта Илкай Гюндоган 11 метрлік айып добын сәтті орындады. Ал оның командаласы  Кай Хаверц  бірінші кезең соңына дейін тағы бір гол соғып, есепті еселей түскен еді. Бірақ, төреші бейнеқайталау көмегіне жүгініп, оны санамады. Ал Жапония құрамасы тегеурінді қарсылық танытып, таразы басын теңестіруге тырысты. Соның арқасында 75-ші минутта Рицу Доан мергендігімен көзге түсті. Мачтың аяқталуына 10 минуттай қалғанда Такума Асано мүмкіндігін мүлт жібермей, өз командасын алға шығарды. Қорытынды есеп: 2:1. Жеңіске жеткен Жапония қазір үш ұпай еншілеп, «Е» тобының екінші сатысына жайғасты. Германия бір саты төмен тұр.

Айта кетейік, осының алдында Сауд Арабиясы құрамасы да күтпеген жерден Аргентинаны ұтып, сенсация жасаған болатын.