ӘЧ: Швейцария Камерунды ұтты

ӘЧ: Швейцария Камерунды ұтты

Швейцария үшін де әлем чемпионаты сәтті басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуропалық команда «G» тобында өнер көрсетіп жатыр және күні кеше алғашқы мачта Камерун құрамасымен жолыққан болатын. Ойын тең дәрежеде өтті. Қос тарап та керемет мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Тек екінші кезеңде, яғни, 48-ші минутта ғана Швейцария шабуылшысы Брель Эмболо мергендігімен өкзге түсіп, өз командасын алға шығарды. Дәл осы нәтиже матч соңына дейін өзгермеді. 1:0 есбемен жеңіске жеткен Мурат Яукин шәкірттері өз тобының екінші сатысына жайғасты. Бірінші орындағы Бразилиямен ұпай көрсеткіштері бірдей. Тек гол саны бойынша ғана айырмашылық бар. Енді бүгін топтық кезең аясындағы екінші матчтар өтеді. Оның аясында жергілікті Катар құрамасы Сенегалмен жолығады. Бұған қоса, Уэльс пен Иран, Англия мен АҚШ және Нидерланды мен Эквадор арасындағы кездесулер болады. Дохадағы әлем чемпионаты 18-ші желтоқсанға дейін жалғасады.