Қарағанды облысында хоккей корты пайдалануға берілді

Алдымен жасыл төсем төселіп, футбол алаңы болған бұл нысанға қазір көп мөлшерде қар кіргізіліп, су құйып қатырылып, мұз айдынына айналмақ.

О бастағы жоспарда сондай болған. Жазда доп тепкен жастар қыста конькимен сырғанайды. Ауданда 4 футбол, 2 хоккей командасы бар екенін ескерсек, жаттығу үзілмеуі тиіс.

Ержан Смайылов, спорт клубы директорының міндетін атқарушы:

- Ашылғалы бері эфектісі көрініп жатыр. Тренировкаға жастар көптеп келе бастады. Беталды жүрмейді деген сияқты. Спортпен айналыстатындар көбейді қазір. Облыстық жарыстарда біледі Нұра ауданы үштіктен түспейді. Футболдан әсіресе. Оқушылар болсын. Үлкендер де биыл Сарыарқа спортакиадасына қатысты. Биыл жүлдеді 2-орын алдық.

Мәтін: Балалардың бір бөлігі хоккей кортының қасындағы үрмелі спорт кешенінде дайындалады. Жастар арасында футбол, баскетбол, қазақ күресі мен бокстан өзге «бес асық» сынды ұмыт бола бастаған ұлттық ойындардың да үйірмесі бар. Оған қатысушылар елішілік жарыста топ жарып жүр.

Ақерке Сағындықызы, «Бес асық» секциясына қатысушы:

- Бұл өте қызықты ойын. Біз бұл ойынмен көптеген жарысқа барып ұтып келген болатынбыз. Қазіргі кезде біз Түркістанға жолдама алған болатынбыз Республикаға. Ал, алдыңғы жылы Шымкентке барып, сол жерден жеңіп келгенбіз.

Батырхан Дәлелхан, футбол секциясына қатысушы:

- Мен футболмен 3 жыл айналысамын, ал бокспен және хоккеймен 1 жыл. Нәтижелерге, біз жарыстарға барып 1-орын алдық. Мен өзім чемпион болғым келеді.

Нұра ауданында бас-аяғы 108 спорт нысаны бар. Онда қазір 745 бала тегін спорт үйірмесіне қатысады.  Бұлардың барлығы балалар үшін тегін.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков