Қостанайда әйелдер арасындағы бокстан ел чемпионаты өтті

Қостанайда әйелдер арасындағы бокстан ел чемпионаты өтті

Ел чемпионаты мәресіне жетті.

Қостанайда бокстан әйелдер арасындағы жылдың қорытынды жарысы Қазақстан чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге барлық аймақтан 100-ден аса спортшы жиналған болатын. Олардың арасында биылғы Азия және Әлем чемпионаттарының, тіпті, өткен Олимпиаданың да қатысушылары мен жүлдегерлері бар. Сәйкесінше, ішкі біріншіліктегі бәсекелестік  жоғары болды. Атап айтқанда, жеңіл және орта салмақтарда Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова, Валентина Хальзолар кезекті рет өз мықтылығын дәлелдеді. Әсіресе, 60 келінің финалында қос мықты Владислава Кухта мен Римма Волосенко жолығып, алғашқысы жеңіске жетті. 81 келіге дейінглер арасындағы жекпе-жекті де ерекше атап өтуге болады. Былтырғы Азия чемпионы Фариза Шолтай ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралып, финалда биылғы Азия чемпионатының жүлдегері Гүлсая Ержанды ұтты. Ал аса ауыр салмақта астаналық Ләззат Күнгейбаева қарсылас шақ келтірмеді.

Фариза Шолтай, бокстан Қазақстан чемпионы

- Жалпыкомандалық есепте елордалық боксшылар топ бастады. Олардың еншісінде 4 алтын, 1 күміс және 2 қола бар. Екінші орында Алматы болса, үздік үштікті Шымкент қаласының құрамасы түйіндеді. Ал, жергілікті, яғни, Қостанай облысының бұрымдылары 4-ші орынға тұрақтады.  Олар 2 алтын мен 1 қола жеңіп алды. Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, алдағы құрлықтық және әлемдік жарыстарға дайындықты бастаймыз дейді федерация атақарушы директоры Маратбек Мықтыбеков.