«Барыс» жеңіске жетті. Елордалық клуб маңызды саналатын матчтардың бірінде ұпай еншілеп, турнир тізіміндегі орнын сақтап қалды.
Құрлықтық лига аясындағы ойын Владивосток қаласында өткен болатын. Есепті жергілікті «Адмираль» ойыншылары ашты. 5-ші минутта қазақстандық легионер Валерий Орехов мергендігімен көзге түскен еді. Көп ұзамай «Барыс» сапындағы Алекс Грант таразы басын теңестірді. Кейін дәл осы Грант тағы 3 гол соғып, покердің авторы атанды. Матч соңына қарай астаналық команда сапындағы Егор Петухов та мүмкіндігін сәтті пайдаланып, қорытынды есепті 5:1-ге жеткізді. Ірі есппен жеңіске жеткен, «Барыс» 49 ойында 48 ұпай жинап, турнир тізімінің 8-ші сатысына жайғасты. Ал «Адмираль» Батыс Конференциясы тізімінде 6-шы тұр. Енді қос команда бүгін қарымта мачт өткізеді.
Айта кетейік, Андрей Скабелка баптайтын жігіттер үшін бұл жаңа жылдағы 2-ші жеңіс. Бұған дейін олар өз алаңында «Металлург» командасын ұтқан болатын.
