«Ақжайық» Премьер-Лигаға шығуға асықпайды
Былтырғы маусымда бірінші лигаға түскен "Ақжайық" футбол клубына биыл жоғары нәтиже көрсету экономикалық жағынан тиімсіз болмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осыған байланысты оралдық ұжым Премьер-Лигаға шығуға ұмтылмауы мүмкін. Нақты тапсырмалар жуырда қойылады, бірақ мақсат пен талап көпшілік күткендей биік емес. Біріншіден, жергілікті Петр Атоян атындағы стадион мен басқа да спорт кешендеріндегі жасыл алаңдар халықаралық түгілі, Қазақстан футбол федерациясының талабына сай келмейді. Сапасы сын көтермейді. Оның үстіне клуб басында біраз қарызы бар.
Еске сала кеткен жөн, «Ақжайық» футбол клубы өткен жылғы маусымда 26 ойынның алтауын жеңіп, 13 мәрте жеңілді. 7 матчта тең ойнап, жалпы 25 ұпай жинады. «Ақжайық»-пен бірге турнир кестесін түйіндеген түркістандық «Тұран» да бірінші лигаға түсті.