«Барыс» тағы жеңілді
Студенттер құрамасы АҚШ жерінде 4-ші рет қатарынан жеңіске жеткен болса, "Барыс" өз айдынында 4-ші рет қатарынан жеңілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кеше Астанада өткен матч «Сібірдің» пайдасына 1:2 есебімен аяқталды. 1-ші кезеңнің алтыншы минутында айдын иелері сапынан Антон Сағадеев есеп ашты. Тайм соңына қарай қарсылас команда құрамындағы ойыншы Денис Голубев есепті теңестірді. Ал 3-ші кезеңде Александр Шаров «Сібірдің» жеңіс шайбасын соқты. Енді Андрей Скабелка шәкірттерінің алдағы 3 матчы сырт алаңда өтеді.