«Астана» баскетболшылары «Ақтөбе» командасымен өз алаңындағы екінші кездесу өткізеді

«Астана» баскетболшылары «Ақтөбе» командасымен өз алаңындағы екінші кездесу өткізеді

18 қаңтарда «Астана» баскетболшылары «Ақтөбе» командасымен өз алаңындағы екінші кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бір күн бұрын астаналықтар 88:78 есебімен жеңіске жетіп, ағымдағы тұрақты маусымдағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді.

«Астана» – «Ақтөбе» арасындағы екінші кездесудің тікелей трансляциясы Қазақстан астанасы уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады.