Бокс: Елдана Тәліпова Бангкоктаға Азия чемпионатында қарсылассыз қалды
Қазақстандық боксшы Елдана Тәліпова Бангкокта 22 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында бақ сынамайтын болды, деп хабарлайды vesti.kz.
Елдана 81 келіден жоғары салмақта шаршы алаңға шығуы керек болған. Алайда бұл салмақ дәрежесінде жұдырықтасуға бірде-бір спортшы келмепті. Осыған байланысты ұйымдастырушылар бұл салмақ дәрежесін жарыстан алып тастау туралы шешім қабылдады. Желі қолданушылары боксшы қыздың кінәлі емес екенін алға тартып, оған алтын медаль беру жайлы жазып жатыр. Айта кеткен жөн, жігіттер сапында Махмұд Сабырхан мен Санжар Тәшкенбай алғашқы жеңістеріне қол жеткізді.