Көкшетауда алғаш рет мұз айдыны салынып жатыр

Нысанның жалпы аумағы 2 мың шаршы метр.

Спорт кешені халыққа жыл бойы қызмет көрсетеді. Мұнда балғындар қысқы спорт түрлері бойынша тегін жаттыға алады. Хоккей, мәнерлеп сырғанау сынды бірнеше үйірме ашылады. Мұз айдынының құрылысы жеке инвестиция есебінен жүргізіліп жатыр. Қазір жұмыстың 80 пайызы аяқталған. Нысан осы көктемде ел игіліне беріледі деп жоспарланып отыр.

Нұржан Дүйсенов, компания қызметкері:

- Қазір бізде әрлеу жұмыстары аяқталуда. Желдету құралдары орнатылып жатыр. Сонымен қатарспорт кешенінде 5 киім ауыстыратын бөлме, медициналық орын мен жаттықтырушылар кабинеті бар. Ал келушілер үшін мұз айдынына қарама-қарсы арнайы дәмхана ашылады.