«Боруссия» футболшылары «Челсиді» жеңді

«Боруссия» футболшылары «Челсиді» жеңді

"Боруссия" "Челсиді" жеңді.

УЕФА чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі жалғасып жатыр және көпшілік тағатсыздана күткен матчтардың бірі Германияда болды. Дортмундттық «Боруссия» өз алаңында лондондық «Челсиді» қабылады. Кездесу ә дегеннен тартысты басталып, 15-минутта-ақ доп «Боруссия» қапасынан табылды. Бірақ кейін Тьяго Силваның қолмен ойнағаны аныталып, гол есепке алынбады. Тіпті, бразилиялық футболшыға ескерту қағазы көрсетілді. Ал матчтағы жалғыз гол 63-минутта соғылды. «Боруссия» шабуылшысы Карим Адейеми өз мүмкіндігін сәтті пайдаланып, өз командасын алға шығарды. Артынша лондондық клуб белсенділігін арттырып, шабуылға ерекше ден қойды. Бірақ таблодағы есеп өзгермеді. Қорытынды нәтиже: 1:0. Енді қос тарап 8 наурызда қарымта матч өткіздеді. Жеңіске жеткені ширек финалға жолдама алады. Айта кетейік, плей-офф аясында паралель португалиялық «Бенфика» мен  бельгиялық «Брюгге» де жолыққан болатын және алғашқысы 2.0 есебмен жеңіске жетті.  

«Арсенал» «Манситиге» есе жіберді  

«Арсенал» «Манситиге» есе жіберді. Ағылшын прьмер лигасындағы тартыс та күшейді жіне күні кеше турнир тізімінің басында тұрған қос мықты кездесті. Лондондық  «Арсенал» өз алаңында манчестерлік клубты қабылдады. Алғашқы гол 24-ші минутта соғылды. Авторы бельгиялық жартылай қорғаушы Кевин де Брюне. Артынша алаң иелері таразы басын теңестіріп үлгерген. Бірақ Мансити сапындағы Джек Грилиш пен Эрлинг Холланд мергендімен көзге түсіп, қорытынды нәтижені 3:1-ге жетізді. Жеңіске жеткен манчестерлік клуб қазір турнир тізімінің бірінші сатысына көтерілді. Бірақ Арсеналмен ұпай көрсекіштері бірдей. Айта кету керек, лондондық клуб 1 ойын кем өткізді. Үздік үштікті тағы бір манчестерлік клуб Манчестер Юнайтед түйіндеп тұр.

Боксшылар еңбегі бағаланды

Чемпиондарға құрмет көрсетілді.  Үздіктерге бағалы сыйлық үлестіріп, қомақты қаржы ұсынатын Қазақстан бокс федерациясы сол дәстүрден жаңылған жоқ. Алматыда жастар арасындағы әлем чемпионатынан олжалы оралған боксшыларды марапаттау рәсімі өтті. Естеріңізге сала кетейік, былтыр қараша айында Испания шаршы алаңында Қазақстан жастар құрамасы  2 алтын 2 күміс және 3 қола медаль иеленіп, жалпы командалық есепте үздік үштіктен көрінген еді. Сол сайыста әлем чемпионы атанған Элина Базарова мен Бақыт Сейдіш 3 млн теңге сыйақы алса, күміс жүлдегерлер Нұрбек Мурсал мен Дәулет Төлемісовке 1 жарым млн теңге берілді. Ал қола жүлдегерлер Гүлназ Бөрібаева мен Әсем Таңатар және Әсел Тоқтасындарға 1 млн теңге бұйырды. Чемпиондарды тәрбилеген бапкерлерде назардан тыс қалмады.

Бақыт Сейдіш, жастар арасындағы әлем чемпионы:

- Жарыс өте жақсы деңгейде өтті. Мен осы жарысқа 8 ай дайындалдым. Ең бастысы осы жеңісімнің арқасы аға бапкерлеріме рахмет айтқын келеді. Ол Елдос Сайдалин, Омарбек Бағлан рахмет айтқым келеді. Және бізді елеп жақсы қошаметпен күтіп алған бокс Қазақстан федерациясына алғыс айтқым келеді.

Элина Базарова, жастар арасындағы әлем чемпионы:

- Ендігі арманым Алла қаласа олимп шыңын бағындыру. Мен уже ересектер әйелдер арасына өткем. Енді әйелдер арасында дайындалып жатырмын. Аллаға шүкір дайындық жақсы өтіп жатыр. Бізде ендігі наурыз айында Сербияда бізде Алтын қолғап деген турнир өтеді жыл сайын. Алла қаласа соған дайындалып жатырмыз.  

Жапон ғалымы семинар өткізді

Спортты жүйелі дамыту үшін ғылымғаден қою керек. Саладағы соңғы технология мен әдістемелер болашақ чемпиондарды бала жастан тәрбиелеп, спорттық жетістікті жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл жөнінде  жапониялық ғалым, Йокогама Тоин университетінің профессоры Томонобу Сакурай мәлімдеді. Ол елордаға арнайы келіп, отандық миамандарға, оның ішінде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жаттықтырушылар, нұсқаушылар және спорттық әдіскерлерге семинар өткізді. Бұған қоса, жиынға орта мектептерде жұмыс істейтін денешынықтыру пәнінің мұғалімдері мен педагогтар да қатысып, көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Жиын барысында жапон ғалымдарының Олимпиада және әлем чемпиондарында жүргізген зерттеу қортындылары таныстырылды. Қазіргі таңда ерекше екпін беретін тетіктер мен спорттық ғылымның алдағы бағыты да сөз болды.

Томонобу Сакурай, Йокогама Тоин Университетінің профессоры:

- Кішкентай баламен болсын, кәсіпқой спортшымен болсын жұмыс істегенде ғылыми жетістерді пайдалау керек. Физикалық жүктемені көбірек  бергеннен ол дамымайды. Жоғары көрсеткіштер тіркемейді. Дайындық барысын барын тиімді ұйымджастырған абзал. Міне, осы бағыттағы өзімнің және басқа да әріптестерімнің жүргізген зерттеулерімен бөлістім.