Алматыда каратэден Қазақстан кубогы өтті

Алматыда каратэден Қазақстан кубогы өтті

Ел үздіктері Алматыға жиналды. Бұнда Шинкиокушинкай картэден Қазақстан кубогы өтті. 

Бұл турнирдің өзіндік ерекшелігі бар. Яғни, өз салмақ дәрежелері бойынша Қазақстаннан ғана емес құрлықтан қарсылас таппай жүрген қаймақтар абсолютті салмақ дәрежесінде сынға түсті. Мысалы Семейлік Еламан Мұқашев өзінен 25 келі ауыр тартатын Юрий Игумновты алғашқы жекпе-жегінде жеңіп кетті. Осы кездесуде көп күш жұмсап қойған Еламан одан кейін Астаналық Шыңғысхан Ибраевтың қарқынына төтеп бере алмады. Шыңғысханға қола жүлде бұйырды. Ал кіл мықтылардың жарысында кім топ жарды деген сауалға келсек, Астаналық Анджей Кинзерский чемпион атанса, Алматы үкілеген Рустам Авзалов күміс жүлде алды. Үздік төрттіктен көрінген каратэшілер күзде Токиода өтетін дүниежүзілік жарысқа қатысады.

Болат Бактаев, ҚР Шинкиокушинкай каратэ федерациясының президенті:

- Қазір балаларымыздың бәрі жас. Смена поколенрие болып жатыр бізде. Сосын бару керек. Көру керек. Балалар өседі. Кез келген турнирлерге барып келген соң балалар өседі ғой. Физическиде моральный де өседі. Мынау 9-шы турнир. Ең жақсы жақсы нәтижеміз әлем чемпионатында Илья Явковлев осында жүр қазір. Биыл спортты тастады. Қазір жаттықтырушы болып жатыр. Ол 6-шы орын алды.