Рыбакина екінші айналымға шықты

Рыбакина екінші айналымға шықты

Рыбакина Андреескуды ұтты.

Қазақстандық теннисші дәл қазір Марсель қаласындағы ATP 250 турниріне қатысып жатыр және алғашқы айналымда Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы канадалық Бьянка Андреескуді жеңді. Матч жерлесіміздің айқын басымдығымен өтті және 1 сағат 32 минутқа ғана созылды. Қорытынды есеп: 6:3, 6:4. Енді Рыбакина чехиялық Мария Боузковамен жолығады. Жалпы қазақстандық спортшы соңғы кезде сәтті өнер көрсетіп жүр және осының арқасында әлемдік рейтингтің 10-дығына кірді. Әйелдер теннисі қауымдастығы күні кеше аталған тізімді жаңартқан болатын. Нәтижесінде, Рыбакина 10-шы орнын сақтап қалды. Бұған қоса, Елена Уимблдон теннис турнирінің чемпионы және Аустралия ашық чемпионатының  финалисті ретінде жылдың ең үздік спортшысына берілетін Laureus сыйлығына ұсынылды. Үміткерлер арасында  испаниялық теннисші Карлос Алькараз, америкалық мәнерлеп сырғанаушы Натан Чен және нигериялық жеңіл атлет Тоби Амусандар бар.