Рыбакина жарысты жалғастырудан бас тартты

Рыбакина жарысты жалғастырудан бас тартты

Қазақстандық теннисші Біріккен Араб Әмірліктеріндегі рейтингтілік турнирден шығып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған спортшының арқасындағы жарақат себеп. Салдарынан жекелей сында да, жұптық сында да өнер көрсете алмайды. Жарақатымнан толықтай жазылып, барынша қысқа уақытта кордқа оралуға тырысам, - деді Елена әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, ол алғашқы айналымда канадалық Бьянка Андреескуді, екінші айналымда чехиялық Мария Боузкованы жеңген болатын. Енді америкалық Кори Гауффпен жолығуы керек еді. Сәйкесінше Кори автоматты түрде ширек финалға шығып, тағы бір америкалық Мэдисон Кизбен ойнайды. Елена Рыбакина қазір әлемдік рейтингте 10-шы тұр.

Әйелдер теннисі қауымдастығы бірер күн бұрын тізімді жаңартқан болатын және соған сәйкес жерлесіміз өз орнын сақтап қалды. Дубай қаласындағы жарыс 26 ақпанға дейін жалғасады. Ал оның жалпы жүлде қоры 2 млн 788 мың АҚШ долларын құрайды.